Прокурорлар: «Оңтүстікте кәсіпкерлер азайып барады»

Облыста соңғы жылдары кәсіпкерлер қатары сиреп барады. Жыл басынан бері өңірде өз бизнесін ашқан азаматтар саны 10 мыңға бір-ақ  азайған.

Прокурорлар: "Оңтүстікте кәсіпкерлер азайып барады"

Бұл туралы бүгін облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде айтылды. Қадағалау органы өкілдерінің сөзіне сенсек, халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеуіне экономикалық қаржылық дағдарыстан бұрын әкімшілік кедергілер себеп болуда.

Облыс прокуроры отандық бизнесті қолдау мақсатында бөлініп жатқан бюджет қаржысы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетіп жатыр дейді. Ебін тапқан пысықайлар мемлекет жеңілдіктерін пайдаланып, екі есе асап қалуға асықса, енді бірі қолдан жасалып отырған қағазбастылықтың кесірінен қамқорлыққа қолы жетпей жүр.

Соның салдарынан кәсіпкерлер құқығы аяқасты болып, халықтың белсенділігі төмендеп кеткен. Осылайша отандық бизнесті өркендетудің орнына іскерлерге тұсау салып отырған шенеуніктер жеңілдіктерге жол ашудың орнына ұрымтал тұсты пайдаланып, екі асап қалғысы келеді дейді облыс прокуроры.

Прокурорлар жергілікті атқарушы орган өкілдері рұқсат етілген сауда орындарын нақтылауға келгенде де құлықсыз дейді. Айтуларынша, тұрғындарға заңды жолмен пайда табуға жағдай жасалмаған. Соған қарамастан полиция қызметкерлері жыл басынан бері 4 мыңнан астам тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Осындай жүйесіздікті сынға алған облыс прокуроры жергілікті тәртіп сақшыларының төске сыймайтын әрекеттерін аяусыз сынға алды.

Сондай-ақ, алқа жиналысында отандық кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалардың өз деңгейінде түсіндірілмейтіні тақырыпқа тұздық болды. Қадағалау органы өкілдері мемлекеттік жеңілдіктерге қол жеткізу жолдарының айқын болмауы тиіпті ел арасында алауыздықтар тууына себеп болуда дейді. Облыс прокуроры жауаптыларға алқа мәжілісінде отандық кәсіпкерлікті түлетуге қолбайлау болып отырған тұстармен күресуге шақырды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР