Рио спортшылары студент атанды

Рио спортшылары студент атанды

Чемпиондар студент атанды. Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы Рио олимпиадасына қатысқан спортшыларға қолдау білдіру мақсатында, тегін білім грантын ұсынды. Университет гранты республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына 1 қыркүек білім күніне арналған салтанатты жиында табысталды.

Енді Рио төріндегі байрақты бәсекеге қатысқан көркем гимнастшы Сабина Әшірбаева мен Селина Жұматаев және дзюдоист Жансұлтан Баубекұлы аталған оқу орнында «Денешынықтыру және спорт» мамандықтарын игеріп шығатын болады. Ал студент атанып, жаңа өмір парақтарын ашқан 17 жасар Сабина Әшірбаева жаттығуларды үзбей, сонымен қатар сапалы білім алуға тырысатынын жеткізді.

Сабина Әшірбаева, көркем гимнастшы: «Өте қуаныштымын. Спортшыларға қолдау білдіріп жатыр. Бұл біз үшін маңызды. Енді сабағымды жібермеуге тырысамын. Жаттығуларды да үзбеймін. Өйткені, студент атанудың өзі бір жауапкершілік. Жаңа белес, жаңа таныстық. Бұл есейгенді білдіреді. Сондықтан алғыс айтамын.»