«Шымкент аруы — 2016» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкентте «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы анықталдыШымкентте қала күніне арналған мерекелік шара аясында облыстық опера және балет театрында «Шымкент аруы — 2016» ұлттық арулар байқауы өтті. Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сұлулар сайысына шаһарымыздағы 16-23 жас аралығындағы 16 қыз қатысып, өзара бақ сынасты.

1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау үш кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін паш етті.

Ал соңғы тур сән шоуына ұласты. Үш кезеңнің қорытындысына сай үш номинация бойынша жеңімпаздар таңдап алынды. Бұл жолғы байқауда бәсекелестікті арттыра түсу үшін бағалау тәсіліне онлайн дауыс беру әдісі қосылды.

Осылайша қазылар шешімімен Бекжігіт Тоғжан «Шымкент аруы — 2016» байқауының жеңімпазы атанды. І вице мисс деп Файзулла Айыпжан танылса, ІІ вице мисс Даяна Сәдуақасова атанды. Ал Салима Бейсенғалиева көрермен көз айымы атанды.

Шымкентте «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы анықталды

Сұлулық байқауы жеңімпаздарына 165 мың теңге көлемінде жүлде қоры белгіленген. Енді Бекжігіт Тоғжан алда өтетін республикалық «Қазақстан аруы» байқауына жолдама алды.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР