Шымкентте қала күні 17-24 қыркүйек күндері атап өтіледі

Шымкентте биылғы қала күні мерекесі 9 күн атап өтіледі. 17-24 қыркүйек күндері аралығындағы мерекелік бағдарламаны қалалық мәдениет бөлімі ұсынып отыр.

Шымкентте қала күні 17-24 қыркүйек күндері атап өтіледі

16 қыркүйек

Қала әкімдігінің үлкен залында қала күнін атап өтуге арналған баспасөз жиыны өтеді. Бұған қоса әлеуметтік желілерде қала күніне орай «Шымкентті құттықтау тілегі» конкурсы жарияланады. Үздік авторлар 24 қыркүйек күні марапаттталады.

17 қыркүйек

9:00-13:00 – қалалық сенбілік.
9:00-10:00 – ардагерлер, интеллигенция өкілдері мен жастар бірге ағаш егеді.
11:00 – жастар арасындағы «I love Shymkent» флешмобы (Тәуелсіздік саябағы).

18 қыркүйек

09:00-11:00 — жеңіл атлетика эстафетасы. Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысынан Наурыз алаңына дейін (осы аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылады)

Орталық саябақ. 10:00 – ардагерлер арасындағы шахмат турнирі.
Бильярд клубы. 12:00 – Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бильярд турнирі.

19 қыркүйек

Оқушылар сарайы. 16:00 – «Таза қала» акциясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.

20 қыркүйек

Тәуелсіздік саябағы. 11:00-13:00 – мектеп оқушылары ұйымдастырған мерекелік бағдарлама.
Опера және балет театры. 18:00 – «Шымкент аруы» конкурсы.

21 қыркүйек

Қала әкімі жас белсенділермен кездеседі.

22 қыркүйек

Республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері арасында өткен «Шырайлы Шымкент» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау.

Опера және балет театры. 17:00 – балаларға арналған «Алтын сақа» қысқаметражды фильмдер фестивалінің ашылуы.

23 қыркүйек

Перзентхана. 10:00 – осы күні туған ең жас Шымкент тұрғынын қала әкімі құттықтайды.

11:00 – қала әкімі Шымкенттің ең қарт тұрғынын құттықтайды.

Қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі. 11:00 – қайырымдылық акциясы.

24 қыркүйек

Атшабар. 10:30-14:00 – ұлттық спорт жарыстары.

Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі. 11:00-19:00 – каладағы мәдениет ошақтары әзірлеген концерт.

«Шырайлы Шымқалам» фестивалі – жемістер мен көкөністерге өрнек салу (карвинг), халықтық тұтыну-қолөнер бұйымдарының, фотосуреттер көрмесі.

Наурыз алаңы. 19:00-21:30 – театрландырылған хореографиялық қойылым.

Салтанатты жиын. Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысатын гала-концерт.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР