//
Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады Жаңалықтар 

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Қазақстан Президентінің тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте айтты. Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады

Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.

– Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет, – деді Бейбіт Бәкірұлы.

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады. Бұған қоса Оңтүстікте бірыңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасы әзірленбек.

– Оңтүстіктің тамақ өнеркәсібін дамытудағы әлеуеті артып келеді. Бүгінде Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары өндірген өнімдерін экспорттап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында экспортталатын өнімдердің тізбесін жасап, біріңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасын дайындауды тапсырамын,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі таза өнім экспорттау үшін, өңірдің өз брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Мәжілісте аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне өз өнімін экспорттауға қауқарлы әрбір тауарөндірушіге барынша қолдау көрсету қажеттігін айтып, ауданда өндірілетін өнімдердің тізбесін жасауды нықтап айтты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz