Шымкентте цемент арзандады

492
Шымкентте цемент арзандады

Досқали Сәулебаев цемент сатады. Сауда нүктесі көшенің бойында ыңғайлы жерде орналасқанына қарамастан, сауда жоқ дейді. Құрылыс материалын сатып алуға құлшыныс танытқандар былтырғыға қарағанда әлдеқайда төмен деп отыр.

Досқали Сәулебеков: «Сауда мәз емес. «Шымкентцементтің» бағасы – 850 теңге. 50 келілік қап. «Стандартцементтікі» – 900 теңге.»

Цементтің қазіргі бағасы алдағы жылдармен салыстырғанда арзандаған. Өйткені бүгінде бұл құрылыс материалын шығаратын жергілікті кәсіпорындар көбейген. Олар өңірдің қажеттілігін толық қамтып отыр. Тиісінше құрылысқа қажетті цементтің түрін таңдауға мүмкіндік аясы кеңейген.

Шымкентте цемент арзандады

Юлдаш Қалмұхамедов: «Құрылысты бастап едім, жұмысшылар «Шымкентцементтің» өнімін алып кел, жақсы қатады деп тапсырды. 50 келі цементті 850 теңгеге сатып алдым. Бағасы қолжетімді.»

Биыл Оңтүстік өңірінде құрылыс қарқын алған. Олардың барлығы отандық құрылыс материалдарын кеңінен пайдалануда. Мәселен, жастар ресурстық орталығы ғимаратының күрделі құрылысына мердігер компания жергілікті цементті қолданады.

Цементті бүгінде зауыттың бағасымен сатып алуға да болады. Ең бастысы мұнда таза өнімге кепілдік береді және тонналап алсаңыз жеңілдіктер де қарастырылған.

Алейсей Муравлев: «Жолдың бойындағы сатушылардан цемент сатып алмаймын. Өйткені олар бір сұрыптың орнына басқасын сатуы әбден мүмкін. Зауыттан тікелей алған дұрыс. Қазір, міне, үш қап цементке 2400 теңге төледім. 800 теңге қымбат емес деп есептеймін. Өйткені сапасы жоғары.»

Бағаны нарықтың өзі реттейді. Десе де, былтыр цементтің 50 келісі 1000 теңгеден жоғары саудаланған. Ал биыл құрылыс материалының бағасы 100-200 теңгеге арзандап отыр.