Шымкентте ескі үй аулалары жөнделуде

Шымкентте көп қабатты үй аулаларын абаттандырып, балаларға ойын алаңшаларын салу жұмыстары басталды. Бір ғана Еңбекші ауданы бойынша 22 аула жөнделеді.

Шымкентте ескі үй аулалары жөнделуде

Бүгінде қызу жұмыс жүріп жатқан 16-шағынаудандағы екі аула Кеңес Одағы кезеңінен бері жөндеу көрмепті. Зылиха Дауылбаеваның осы №38 үйде мекендегеніне 17 жыл болған. Алланың берген немерелері баршылық дейді қария. Бірақ, соларды ойнататын алаңның жоғынан қиналатынын жасырмайды.

Зылиха Дауылбаева, тұрғын: «Ойбай, бұрын қайда барып ойнайтынымызды білмейтінбіз. Өзімнің 19 немерем бар. Енді жүгіріп ойнайтын балалар үшін алаңдамайтын болдым деп сенемін.»

Еңбекші ауданы бойынша 600-ден астам аула бар. 2013 жылдан бері соның 461-і жөнделіп, абаттандырылған. Ал биылғы жоспарда 22 аула бар. Бюджеттен бөлінген 229 млн теңгені 7 мердігер мекеме игеруі тиіс.

Шымкентте ескі үй аулалары жөнделуде

Бақыт Шымырбаев: «Біз алдымен техника салып, ескі бетондарды тазартамыз. Одан кейін тұрғындардың өтініші бойынша автотұрақ орнын әзірлейміз.»

Шымкент қаласы бойынша тап осындай жұмыстар Абай ауданында да басталды. Өткен жылы осы жұмыстарға бір тиын да бөлінбеген екен. Ендігі мақсат берілген қаржыны тиімді жұмсап, атқарылған тірліктің сапасын қадағалау болып отыр.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР