Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ішкі істер департаментінің қалалық бөлімшелерінің жұмысымен танысу барысында айтты.

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады

Аймақ басшысы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері мен осы салада еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету үшін Шымкент қаласынан арнайы саябақ салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Осы сапары барысында облыс әкімі полиция бөлімшелерінің ғимараттарын уақыт талабына сай реттеу үшін ұсыныс енгізуді Шымкент қаласының әкімі мен тиісті құрылымдық бөлімдердің жетекшілеріне жүктеді.

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады

Сондай-ақ, қала әкімі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімшесінің ғимаратын жаңадан салынып жатқан «Шымкент сити» ауданында салуды ұсынды. Бөлімшені жаңа инфрақұрылыммен жабтықтау қажеттігін атап өткен өңір басшысы жобаны қолдады.

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады

Сапар соңында облыс әкімі мемлекет тарапынан тәртіп сақшыларына барынша жағдай жасалып жатқанын жеткізіп, лайықты жұмыс жасау арқылы  ел сенімін ақтауды айтты.

Айта кету керек, алдағы үш жылда оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері 350 дана қызметтік көлікпен қамтылатын болады. Бұл өз кезінде олардың жұмыс көрсеткіштерін жақсартып, нәтижелі жұмыс жасауға сеп болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР