«Шымкент аруы – 2016» байқауының жеңімпазы анықталды

644

Шымкентте «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы анықталдыШымкентте қала күніне арналған мерекелік шара аясында облыстық опера және балет театрында «Шымкент аруы – 2016» ұлттық арулар байқауы өтті. Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сұлулар сайысына шаһарымыздағы 16-23 жас аралығындағы 16 қыз қатысып, өзара бақ сынасты.

1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау үш кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін паш етті.

Ал соңғы тур сән шоуына ұласты. Үш кезеңнің қорытындысына сай үш номинация бойынша жеңімпаздар таңдап алынды. Бұл жолғы байқауда бәсекелестікті арттыра түсу үшін бағалау тәсіліне онлайн дауыс беру әдісі қосылды.

Осылайша қазылар шешімімен Бекжігіт Тоғжан «Шымкент аруы – 2016» байқауының жеңімпазы атанды. І вице мисс деп Файзулла Айыпжан танылса, ІІ вице мисс Даяна Сәдуақасова атанды. Ал Салима Бейсенғалиева көрермен көз айымы атанды.

Шымкентте «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы анықталды

Сұлулық байқауы жеңімпаздарына 165 мың теңге көлемінде жүлде қоры белгіленген. Енді Бекжігіт Тоғжан алда өтетін республикалық «Қазақстан аруы» байқауына жолдама алды.