Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты

505
Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты

Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты. Көптен күткен байқаудың салтанатты марапаттау шарасы қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты

Байқауды қала әкімдігі ОҚО азаматтық альянсымен бірлесе отырып ұйымдастырған болатын. Биылғы байқауға барлығы 320 нысан – 206 аула және 117 көше қатысуға өтініш берген.

Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты

 

Сонымен, байқаудың нәтижесінде «Үздік аула» аталымы бойынша Абай ауданы аумағында 8-шағынауданның №6 үйінің ауласы, Әл-Фараби ауданы аумағында Рашидов көшесінің №22 «А» үйдің ауласы, Еңбекші ауданы аумағында №231 үй және Қаратау ауданы аумағында Нұрсәт шағынауданының №142 үйінің ауласы жеңімпаз деп танылды.

Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты

«Үздік көше» аталымы бойынша Абай ауданы аумағынан Жайлау шағынауданының Қажымұқан көшесі, Әл-Фараби ауданы аумағынан Забадам шағынауданының Сералиев көшесі, Еңбекші ауданы аумағынан Түркістан көшесі үздік шықты.

Шымкентте «Таза қала» байқауының қорытындысы шықты

Аталым жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және «Азаматтық Альянс» қоғамдық қорының жетекшісі Шәріпбек Жамалбек арнайы марапаттады. Барлық жеңімпаздарға диплом мен бағалы сый-сияпат табыс етілді. Бұдан бөлек қала тазалығына жауапты «Нұр-Сат» мекемесі қала әкімінің алғыс хатына ие болды.