Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Оңтүстікте Экспо-2017 көрмесіне дайындық қолға алынды. Шымкенттіктерге Түркия мен Чехия елдерінен профессорлар келіп, туризм саласы бойынша дәріс беруді бастады.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

«Ontustik Tourism Center» ақпарат орталығы ұйымдастырған семинар-тренингке келген бизнес-тренерлердің арасында Анадолы елінде мейрамханалар мен қонақ үйлер қауымдастығының президенті Бурхан Шенер мен чехиялық ПИАШДИ докторы Иржи Богачек те бар.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

 

Жүзге жуық жерлесіміз олардан үш күн бойы тәлім алып, семинар-тренингтерге қатысуға мүмкіндік алып отыр. Студенттер төрт бағыт бойынша оқиды. Олар — гид-бағыттаушы, қонақ үй бизнесі, мейрамхана маркетингі және жарнамалау, туризм менеджменті. Дәрістер тегін беріледі. Бүгін қатысушылар теориялық білім алса, ертеңнен бастап дәрістер практикамен ұштастыра жүргізілмек.

Шымкентте туризм саласы бойынша семинар-тренинг басталды

Алмагүл Нұрғалиева, профессор, семинар-тренинг ұйымдастырушысы: «Бір қызығы — шымкенттіктердің басым бөлігі қонақ үй саласын таңдап отыр. Оңтүстікте бұл бизнес жақсы дамыған болса керек деп ойладық. Семинар-тренинг бүгін ғана басталды. Келемін деушілер болса әлі де есігіміз ашық.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР