Шымкентте жанармай қымбаттады

Шымкентте жанармай қымбаттады. Қазір қалада бензин әр бекетте әртүрлі бағамен сатылуда.

Шымкентте жанармай қымбаттады

Кейбір жанармай құю орындарында сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 123 теңгеден сатылса, енді бір бекеттерде оның бағасы 129 теңге деп белгіленіп отыр.

Көптен бері көлік тізгіндеп жүрген Данияр Малайханов соңғы екі жыл ішінде бензин бағасының жиі өзгеретінін байқадым дейді. Күніне шамамен мың теңгенің бензинін тұтынатын ол қалтасының қағылып біткеніне налиды.

Шымкентте жанармай қымбаттады

Бензин нарқын өкшелеп, дизель отыны да қымбаттады. Қаладағы кей май құю бекеттерінде екі күннен бері жағармайдың 1 литрі 123 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның өсуі, әсіресе, жолаушы тасымалымен айналысушыларға салмақ салып тұр. Автобус жүргізушілерінің кейбірі солярка қаланың сырт жақтарында орналасқан бекеттерде 128-129 теңгеден сатылып жатқанын айтады.

Ал кейбір бекеттер әлі де өткен аптада белгіленген баға — 118 теңгеден құйып жатқанын жүргізулер де жасырмайды. Дегенмен, бағаның құбылуы қосалқы бөлшектердің бағасы шарықтап тұрғанда жығылғанға жұдырық болды дейді.

Ал саладағылардың сөзіне қарағанда, үкімет дизельді отын бағасын реттеуден бас тартқан соң нарықты бақылау оңайға түспей отыр. Әр компания тауарының бағасын әртүрлі белгілеп, жүргізушілерді абдыртып қойған.

Ендігі жерде жауаптылар жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан үш бірдей отандық мұнай өңдеу зауытына үміт артып отыр. Айтуларынша, келер жылы отандық кәсіпорындар толықтай іске кіріскенде ішкі нарықты өз тауарымызымбен 100 пайыз қамтитын боламыз. Ал іс жүзінде қалай болатынын ешкім де білмейді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР