//
Шымкентте жеке үйден мәйіт табылды Оқыс оқиға 

Шымкентте жеке үйден мәйіт табылды

Шымкентте жекеменшік үйден мәйіт табылды. Бұл туралы суыт хабар полицияның кезекшілеріне түнгі сағат 9 шамасында түсті.

Көксәйек шағынауданының Теміржол вокзалына жақын тұсындағы тұрғындар көрші үйден шығып жатқан сасық иісті сезіп, күдік алады. Көрсетілген мекенжайға жедел тергеу тобы шұғыл аттанады. Оқиға орнына келген полицейлер тозып кеткен шағын үйдің ішінен жасы 40-45 шамасындағы адамның мәйітін тапты.

Шымкентте жеке үйден мәйіт табылды

Марқұмның қайтыс болғанына біраз болса керек – дене иістеніп, бұзыла бастаған. Криминалистер қолғаппен жұмыс істеп, мәйітті арнайы қапшыққа салып алды. Ары қарай сарапатама жасау үшін зертханаға алып кетті.

Қазір полиция қызметкерлері қайғылы жағдайды тексеру үстінде. Осы мақсатта сол маңның тұрғындарынан түсінік алуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz