//
Шымкентте жер иелері жолды жауып тастады Жаңалықтар 

Шымкентте жер иелері жолды жауып тастады

Шымкентте жер мәселесі әлі де ушығып тұр. Өздерін жер иесі деп санаған бірқатар азаматтар көпшіліктің жүретін жолып жауып, көшені бекітіп тастапты. Соның салдарынан қаладағы 194-орамның тұрғындары Арғынбеков көшесіне шығатын жол таппай, дау шығарды.

Шымкентте жер иелері жолды жауып тастады

Көшенің қақ ортасындағы бұл қабырғаның тұрғызылғанына екі айға жуықтапты. Арғынбеков көшесіне шығатын жолдары жабылған жерлестеріміз бармаған есік, арызданбаған мекеме қалмады дейді. Бірақ, жауап жоқ. Амалы таусылған 194-орамның тұрғындары тар көшемен Жібек жолы арқылы қатынауға мәжбүр.

Шымкентте жер иелері жолды жауып тастады

Көпшіліктің айтуынша, бұл жер телімдері Сайрам ауданына қарайтын жылдары үлестірілген. Сол кезде қолынан келіп, қонышынан басқан қалталылар жер телімдерін гектарлап алып, жіліктеп сатыпты. Соның салдарынан кең байтақ жері бар қазақ ағайындарымыз алақандай жер үшін айтысуға мәжбүр. Ал әкімдік өкілдері екі тарапты да тыңдадық дейді. Айтуларынша, жолды жапқан дер иелерінің құжаттары бар.

194-орамда тап осы секілді жолды жабу жағдайлары аз емес. Сол себепті Еңбекші ауданының басшылары жер инспекциясына мәселені түкпілікті шешіп беруге хаттарын жолдапты.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz