//
Шымкентте жыл соңына дейін пәтер иелерінің кооперативі құрылады Жаңалықтар 

Шымкентте жыл соңына дейін пәтер иелерінің кооперативі құрылады

Жыл соңына дейін Шымкентте пəтер иелерінің кооперативі (КСК) құрылады. Бұл мәселе қала әкімдігінде өткен мәжілістегі басты екі тақырыптың бірі болды.

Шымкентте жыл соңына дейін пәтер иелерінің кооперативі құрылады

Әуелі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың алдында қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайы және сапасы туралы қала әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов баяндама жасады.

-Биыл Шымкент қаласы әкімдігінің 7 құрылымдық бөлімі тарапынан 79 мемлекеттік қызмет түрі халыққа көрсетіліп отыр,- деді Рашид Аюпов. – Тарқатып айтар болсақ, жергілікті атқарушы орган тарапынан – 43, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 36, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы 14 қызмет түрі көрсетіледі. Ұсынылған қызметтің жалпы саны биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында 237 990-ды құрап отыр.

Бұдан кейін қалалық әкімдіктің кезекті күн тәртібінде мемлекеттік басқару органдарының қала бойынша коммуналдық меншіктің сақталуы мен пайдалануына бақылау жүргізу барысы туралы қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Бақтыбаев баяндама жасады.

Мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда қалада барлығы 283 коммуналды заңды тұлға боса, солардың меншігіндегі 1963 нысан мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілген. Мәселен, қаладағы 21 бағдарлама әкімшілерінің 14-і өз ғимараттарында орналасқан, қалған 7-уі жалға алып жұмыс жасайды.

Мәжіліс соңында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жауапты бөлімдерге биылдың соңына дейін Шымкентте пәтер иелерінің кооперативі жұмыстарын жүйелеп, тұрғындар үшін тыңғылықты жұмыс істеуге тапсырма берді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz