Шымкентте жылу қымбаттайды

Шымкентте жаңа жылдан бастап жылу бағасы қымбаттайды. Бұл туралы 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жайлы есеп берген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Мараим мәлім етті. Қазір облыс бойынша 3272 бюджеттік мекеменің 99 пайызы жылу қабылдауға дайын. Ал тозығы жеткен қазандықтар мен құбырларды жаңалау жұмыстары да кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр дейді бас энергетик.

Жылу борышкерлері сот алдында жауап беруі мүмкінАлдағы жылу беру маусымына дайындық Оңтүстікте сәуірде басталған. Содан бері бюджеттік мекемелердегі мыңнан астам шағын қазандықтың 374-і жөнделді. Екеуін жөндеуді қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Облыс бойынша орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көп қабатты үйдің 89 пайызы әзір. Ал Шымкенттегі 1782 үйдің 86 пайызы қысқа дайын. Коммуналдық қызметке дебиторлық қарыз жылу бойынша 156 млн теңге болса, электр қуатына 56,2 млн теңгені құрап отыр.

Марғұлан Мараим, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы: «3-энергоорталық» АҚ пайдаланған газ үшін қарызы 1 миллиард 686 миллион теңге. Ол 2016 жылдың мамыр-шілде айындағы қарыз. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның хаттамасына сәйкес, жалпы қарыздың 700 миллион теңгесі «3-энергоорталық» АҚ тарапынан 30 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.»

Бұл қарыздар жайлы үкімет отырысында да айтылып, өтеу бойынша тапсырма да берілген. Тұрғындарды толғандыратын алдағы жылу маусымындағы тарифке қатысты да мәлімдеме жасалды.

Марғұлан Мараим, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы: «3-энергоорталық» АҚ-ның инвестициялық тарифі энергетика министрлігінде қаралып жатыр. Оған қоса табиғи газ бағасының қымбаттауына байланысты өздерінің жылу бағасын көтеру жайлы ұсыныс жасаған. Бұған байланысты бірнеше жиналыс өтіп, талқыланды. Қоғамдық тыңдаулар болды. Ең соңғы облыс әкімінің қатысуымен үлкен мәжіліс өтті. Сонымен, жылудың қымбаттайтын бағасы 10,38 пайызға жетті.»

Бұл жаңалық былтырғы маусымда жылу үшін бір шаршы метрге 109 теңге төлеп келген тұтынушыны қуантпасы анық. Монополистердің өз шығынын өтеуді тарифті өсіру арқылы шешуі үрдіске айналып бара жатқаны, әрине, өкінішті жәйт. Қоса қымбаттаған коммуналды төлем ақысын төлеуге қарапайым халықпен санасып жатқан ешкім жоқ.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР