//
Шымкенттегі бұрынғы қоқыс алаңы саябаққа айналады Жаңалықтар 

Шымкенттегі бұрынғы қоқыс алаңы саябаққа айналады

Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс алаңы саябаққа айналады. 30 жылдан астам қала тұрғындарының қалдықтары тасталып, бүгінде қайта өңделген 34 гектар алқапта жаңа саябақ болады деген жоспар бар.

Шымкенттегі бұрынғы қоқыс алаңы саябаққа айналады

Қала басшылығы бүгінде жобасын жасап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, саябаққа 6800 түп ағаш, 160 мың түп гүл шоғы мен 260 шаршы метр көгал егіледі. Осы жасыл желекті күтіп-ұстау үшін суару-жарықтандыру жүйелері жүргізілмек.

Сондай-ақ, саябаққа келіп-кететін азаматтар үшін 500 автокөліке арналған тұрақ салынады. Саябақтың қазығын қағып, алғашқы жұмыстарды бастау үшін 60 млн теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Құрылыс 2018 жылы қарқын алады деп күтілуде.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz