//
Шымкенттегі "Рахима плаза" сауда үйінен "өрт" шықты Жаңалықтар 

Шымкенттегі “Рахима плаза” сауда үйінен “өрт” шықты

Шымкенттегі “Рахима плаза” сауда үйінен өрт шықты. Күндіз сағат 12 шамасында орын алған тілсіз жаудың бетін қайтаруға 56 қызметкер мен 17 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер алдымен қауіпті нысаннан халықты сыртқа шығарып, тілсіз жаудың бетін қайтарды. Бұл – өртке қарсы айлық аясында өткен оқу-жаттығудың сценариі болатын.

Шымкенттегі "Рахима плаза" сауда үйінен "өрт" шықты

Өрттің алдын алуға бағытталған шарадан кейін сала қызметкерлері шара кезінде кеткен олқылықтарды ортаға салып, бағасын берді. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында 158 өрт оқиғасы тіркелген. Оқыс оқиға кезінде 6 жарақат алса, осынша адам адам қаза тапқан. Бұл бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едуір аз деп сендіреді төтеншеліктер.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz