//
Шымкенттегі христиандар зираты өртке оранды Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Шымкенттегі христиандар зираты өртенді

Шымкенттегі христиандар зираты өртке оранды. 9 қыркүйекте орын алған жайсыз оқиғада шамамен 2 гектар жер жанып кеткен. Тапа тал түсте қызыл жалынға оранған бейіттегі кей тастарды қалпына келтіру мүмкін емес дейді мамандар.

Шымкенттегі христиандар зираты өртке оранды

Кешкі сағат 9-дар шамасында зираттан тыс жерде басталған өрт көзді ашып-жұмғанша қорымның біраз аумағын алып кетіпті. Мазардың шырақшысы тек қураған шөптердің ғана өртенгенін айтады. Ал қалғанын қалпына келтіруге болады деп сендірді.

Жайсыз оқиғаға біздің арнаның шұғыл шақыру тобы куәгер болып, өрт сөндірушілерге хабар берген. 3-4 минутты араға салып оқиға орнына тез жеткен төтеншеліктерге тілсіз жаумен күресу оңайға соқпаған. Мамандар әупірімдеп 200 соттық жерді шарпыған жалынның бетін қайтарды. Өртті сөндіруге 1 техника және жеке құрамнан 5 адам жұмылдырылды.

Қазір шығын көлемі анықталуды. Сала мамандары зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп болған соң өрттің салдарын нақтылап айтамыз деп отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz