Шымкенттің аруы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Шымкенттік сұлу «Мисс Азия -2016» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Арулар сайысы Ливан елінде өткен.

Шымкенттің аруы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Қазақстан атынан барған қатысушы Ардана Кәденованың сұлулық байқауында тәжірибесі мол. 2014 жылы «Шымкент аруы» жобасына қатысқан Ардана Азияның ең сұлуы атанамын деп ойламадым дейді.

Шымкенттің аруы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Қалалық дәрежеде жеңімпаз атанбаса да бағытынан таймаған. Көп еңбектің көмегімен «Баку Miss Union» халықаралық жарысына жолдама алып, үздік бестікке ілінеді. Осылайша «Miss Tourism Universe» байқауынан шақырту алады. 45 елдің хас сұлулары қатысатын жобаға бірден келісім берген.

Шымкенттің аруы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

«Бұл тек менің жеңісім емес, отбасымның, достарымның, маған қолдау көрсеткен жанкүйерлердің жеңісі» дейді Ардана Кәденова. Оңтүстіктің тумасы бұл жетістікпен тоқтамаймын дейді. Әлі талай сұлулық сайыстарында елімнің атын шығарамын деп уәде берді.

Шымкенттің аруы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР