Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

258
Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

Мұғалімдер күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ерінбей етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздарды марапаттады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

«Rіхоs Kһadisһa» қонақ үйіндегі салтанатты жиынға облыстық білім басқармасының, «Нұр Отан» партиясы және қалалық мәслихат басшылары, ардагер ұстаздар, қаладағы 129 жалпы орта білім беру, 88 мектепке дейінгі және 8 қосымша білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

Мерекелік шарада мәңгілік елдің мәңгі ұрпақтарын тәрбиелеуде, сапалы білім беруде адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған 6 мұғалім Шымкент қаласының әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

Сондай-ақ, білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері, қаланың білім беру мекемелерінің бірінші басшылары мен мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері салтанатты түрде алғыс хаттар алды.

Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 16278 мұғалім еңбек етіп келеді. Оның ішінде жоғары санатты – 4290, І санатты – 3886, ІІ санатты 4555 ұстаз бар.

Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді

Шымкенттің ұстаздары құрметке бөленді