Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шығады

130
Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шығады

Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметі халықпен ашық жұмыс жасауға көшті. Тәртіп сақшылары қыркүйек айынан бастап Skype-конференциясын іске қосып, тікелей байланысқа шыққан әр тұрғынның сауалына жауап бермек.

Шымкенттің полицейлері халықпен тікелей байланысқа шығады

Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Алғашқы бейне-байланыс 6 қыркүйек кешкі сағат 17:00-де өтеді.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жергілікті полиция қызметі бүгін (5 қыркүйек – ред.) Skype-та бейне-конференцияның мүмкіндігін тексеріп көрді. Нəтижесі ойдағыдай. Сейсенбі, 6 қыркүйекте, сағат 17:00-де Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметкерлері сіздердің бейне-қоңырауларыңызға жауап береді. Сіздердің учаскелік полиция жəне кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға қатысты сұрақтарыңызға жауап беріп, қала көшелеріндегі жол қауіпсіздігін бірге талқылаймыз. Соған қоса жергілікті полиция қызметінің жұмысы бойынша барлық шағым, ұсыныс-тілектеріңізді қарауға дайынбыз. Бізбен байланысқа түсу үшін «Шымкент ЖПҚ» акааунтына қоңырау шалуыңыз қажет. Ескере кетер жайт, бейне-конференция жазып алынады. Skуpe-пен сөйдесуді дəстүрге айналдырып, қаламыздың қауіпсіздігін одан əрі нығайтамыз!» делінген хабарламада.

Осылайша полиция қызметкерлері апта сайын халықпен байланысқа шығып, көкейтесті сауалдарына жауап беруге дайынбыз дейді.