//
Шымкенттіктер қала күнін тойлады Жаңалықтар 

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

Қазақстанның үшінші мегаорталығы – Шымкент қаласының туған күні  жоғары деңгейде өтті. Осыған орай Шымқала төрінде түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары өтті.

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

24 қыркүйек – шаһарлықтар бір апта бойы тойлаған мерекенің соңғы күні болды. Таңертеңнен бастап қаланың барлық саябақтары мен орталық алаңдарында түрлі мәдени концерттер мен спорттық сайыстар өтті.

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

 

Атшабарда қыз қуу, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, көкпар, жамбы ату сияқты ұлттық ат спорты ойындары, қoшқар көтеру секілді қызықты сайыстар өтті. Биылғы қала күніне арналған сайысқа Астана, Тараз қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

 

 

Мереке көрігін Наурыз алаңында өткен жемістер мен көкөністерден мүсіндер жасау және ұлттық киім үлгілерінің көрмесі қыздыра түсті.

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

 

Кешке қарай Наурыз алаңындағы мерекелік шаралардың жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Думанды кешке танымал өнер жұлдыздары – «МузАрт» тобы, Қайрат Нұртас, Серік Ибрагимов және Еркін Нұржанов қатысып, Шымқала түнін әнмен әлдиледі. Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласты.

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

Шымкенттіктер қала күнін тойлады

Фото – М.Шағырбаев

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz