Шымкенттіктер марафонда жүгірді

Қазақстан премьер-Министрі, Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы жəне бірқатар үкімет мүшелері бастаған қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық марафон эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да жалғады.

Шымкенттіктер марафонға қатысты

Салауатты өмір салтын ту еткен оңтүстікқазақстандықтар «Дені сау ұлт — тәуелсіздік тұғыры» деген ұранмен 5 шақырымды жүгіріп өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетін қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам қала тұрғындары, билік өкілдері мен мыңдаған жастар қатысты.

Шымкенттіктер марафонға қатысты

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шара соңында марафонның мәре сызығына алғаш жүгіріп келген жеңімпаздар марапатталды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы игі бастама Оңтүстік өңірінде жыл сайын жалғасын табатын болады.

Шымкенттіктер марафонға қатысты

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР