//
«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды Жаңалықтар 

«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қала күні мерекесі қарсаңында өткен марапаттау шарасына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Байқауды Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған болатын. Журналистер мен блогерлер «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік теле-радио бағдарламасы», «Үздік интернет-БАҚ жарияланымы» және «Әлеуметтік желілер мен блог-посттардағы үздік жазба» номинациялары бойынша сынға түскен.

Үміткерлер 2016 жылдың сәуір айынан бастап тамыздың соңына дейін әзірлеген материалдарын конкурстың әділқазылар алқасының қарауына жіберіп отырды.

«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сонымен, «Үздік интернет-БАҚ жарияланымы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом «Tengrinews.kz» ақпараттық порталының материалына берілді.

ІІ дәрежелі дипломмен kz.otyrar.kz ақпараттық медиа-порталы марапатталады. Ал ІІІ дәрежелі дипломға «bnews.kz» қазақ ақпараттық агенттігі лайық деп танылды.

«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

 

Бұған қоса конкурсты ұйымдастыру комитеті арнайы номинация тағайындауды жөн деп тауыпты. “Ең көп оқылған мақала” жүлдесі nur.kz порталының аймақтағы тілшісіне табысталды.

«Үздік теле-, радио бағдарламасы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом «24.kz» ақпараттық телеарнасына, ІІ дәрежелі диплом «Айғақ» және «TVK» телеарналарына берілді.

«Үздік баспасөз жарияланымы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом қалалық «Панорама Шымкента» газетінің тілшісі Галина Германға табыс етілді. ІІ дәрежелі дипломмен «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Жәмила Мамырәлі марапатталса, ІІІ дәрежелі диплом Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбиге табысталды.

«Әлеуметтік желілер мен блог-посттардағы үздік жазба» номинациялары бойынша І дәрежелі диплом Әсет Әссандиге бұйырды. ІІ дәрежелі дипломмен Руслан Сембиев және Асхат Шотаевқа, ал ІІІ дәрежелі диплом Мейірман Сауранбековке берілді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сый-сияпатқа ие болды.

Фото – Әйгерім Бегімбет

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz