//
Созақта 280 орынды жаңа балабақша ашылды Жаңалықтар 

Созақта 280 орынды жаңа балабақша ашылды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орынды «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен “ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры Д.Досанов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Созақта 280 орынды жаңа балабақша ашылды

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының демеушілік қаржысы есебінен салынған бөбекжайда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бүгінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.

Созақта 280 орынды жаңа балабақша ашылды

Құрылыс алаңының жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оның ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаңы болып отыр.

Созақта 280 орынды жаңа балабақша ашылды

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мен салихалы саясатын жүзеге асыру үшін облыс пен аудан,қала әкімдерінің қолдауымен білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге ерекше мән беріліп келеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz