Студенттік құрылыс жасағы маусымды қорытындылады

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде студенттік құрылыс жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті.

Студенттік құрылыс жасағы маусымды қорытындылады

Жазда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшылары арасындағы болған келіссөздер нәтижесінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттер құрылыс жасақтарына еңбекке тартылған.

Соның нәтижесінде аталған оқу орнының құрылыс мамандығында білім алған 360 студент, ал аудан-қалалардан 140 студент құрылыс компанияларында еңбек етті. Құрылыс жұмыстарының бітуіне атсалысқан студенттердің орташа жалақысы 50-60 мың теңгені құрады.

Атап айтар болсақ, студенттік құрылыс жасақтары Шымкент қаласында «Қазақстан» кинотеатрының және Нұрсәт, Қайтпас, Тұран шағынаудандарындағы көп қабатты үйлерді салуда өз үлестерін қосты.

Студенттік құрылыс жасағы маусымды қорытындылады

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Болат Жанәбіл облыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады. Алдағы уақытта студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бұл бастама тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР