//
Түлкібаста алма жинау басталды Жаңалықтар 

Түлкібаста алма жинау басталды

Алла бұйыртса, биыл Түлкібастық алма еккен бағбандар үшін қолайлы жыл болғандай. Өнімді артығымен жинаған шаруалар табысқа кенелуде. Өткен жылы 9 800 тонна алма жинаған шаруалар бүгінгі күнге дейін 12 мың 500 тонна алма теріп үлгерді. Алдағы күндері тағы 15 мың тонна алма жинау жоспарда бар.

Түлкібаста алма жинау басталды

Алма бауынан молынан өнім алған «Көк тал» шаруа қожалығы мен «Кентау» ЖШС айрықша айтуға болады. Өйткені шаруашылықтар бақ өсіруде алдыңғы қатарлы елдердің, оның ішінде Түркия, Польша мемлекеттерінің соңғы үлгідегі озық тәжірибелерін пайдаланып, сол елдің мамандарын шақырып, үйренді. Соның нәтижесінде 230 га алма бауы бар «Көктал» шаруашылығы биыл 5 мың тонна алма жинауды межелеп отыр.

Түлкібаста алма жинау басталды

Осылайша Түлкібас ауданын жеміс-жидекті аймаққа айналдыру туралы бастамаға орай ауданда көптеген жұмыс атқарылуда. Алма өсіруге ниет білдірген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша жер телімдері беріліп, алма баулар көлемі ұлғайды.

Түлкібаста алма жинау басталды

Бүгінгі таңда ауданда өсіріліп жатқан барлық алма бауының көлемі 3115 гектарды құрап отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz