//
Түркістан азаматтары жаңа үйлерден пәтер алады Жаңалықтар 

Түркістандықтар жаңа үйлерден пәтер алады

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ өкілдері Түркістан қаласындағы «Отырар» жаңа шағынауданынан салынып жатқан тоғыз қабатты екі үйдің құрылыс жұмыстарын көпшілікке таныстырды.

Түркістан азаматтары жаңа үйлерден пәтер алады

2016 жылдың басында басталған «Нұрлы жол» аясындағы құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталып отыр. Құрылыс мердігері «Отау-Строй» компаниясы өкілдерінің айтуынша әрқайсысы 72 пәтерлік екі үй жыл соңына қарай пайдалануға берілмек.

Түркістан азаматтары жаңа үйлерден пәтер алады

 

Бұл үйлерде 144 пәтер бар – 1 бөлмелі 36 (39,68 шаршы метр), екі бөлмелі 72 (55,21 шаршы метрге дейін) және 3 бөлмелі 36 пәтер (68,48 шаршы метрден бастап). Пәтердің бір шаршы метрінің құны 900 теңгеден аспайды. Баспана тұрғын үй кезінде тұрған азаматтарға беріледі. Түркістан қаласы бойынша 3930 адам баспана алу үшін өтініш білдіріп, тұрғын үй кезегіне тіркелген.

Түркістан азаматтары жаңа үйлерден пәтер алады

Қазіргі таңда бұл жаңа шағынауданнан «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында бес қабатты екі үй де салынып жатыр. Тағы да бес қабатты 8 үйдің іргетасы қалануда. Оған қоса аталған үйлерге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары да жүріп жатыр.

Түркістан азаматтары жаңа үйлерден пәтер алады

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz