//
Тұрғындар үйлерін жөндегендердің жұмысына разы емес Жаңалықтар 

Тұрғындар үйлерін жөндегендердің жұмысына разы емес

Шымкенттегі Республика даңғылы, №40 үй тұрғындарының жаңарту бағдарламасы аясында жасалған жөндеуге көңілдері толмай отыр. Айтуларынша, жаңадан ауыстырылған шатырдан су ағып, инжинерлік жүйелер де өз деңгейінде жөнделмеген. Наразы тұрғындар осы олқылықтар түзелмейінше бір тиын да төлемейміз деп отыр.

Тұрғындар үйлерін жөндегендердің жұмысына разы емес

Вера Александрова үйімді жаңартудан кейін қайтадан жөндеуге тура келеді дейді. Төртінші қабаттағы пәтердің төбесінен су ағып, әбігерге салуда. Ылғалдан түсқағаздар ажырап, үйдің ұсқынын кетірген. Кейуана мұндай келеңсіздік жаңғыртуға дейін болмаған деп сендіреді.

Көп қабатты үй 2013 жылдың қыркүйек айында жаңарту бағдарламасы аясында жөнделген. Бірінші кезекте баспананың шатыры жаңартылып, дәліздері жөнделген. Қос тараптың келісімі бойынша инжинерлік-коммуникациялық жүйелер қалпына келтірілуі тиіс еді.

Алайда тұрғындар үйдің бұл бөлігі сол күйі қалды дейді. Тіпті жарамсыз құбырлар әр жерде шашылып жатыр. Жергілікті жұртшылық ақша жинап, инжинерлік коммуникациялық жүйелерді өздері жөндеп, амалдап әжетке жаратып отыр.

60 үйлі шаңырақтан жөндеу жұмыстарына 4 млн теңгенің қаржысы жиналуы тиіс. Алайда, тұрғындар әлі бір тиын да төлемеген болып шықты. Мердігер компания орын алған олқылықты қайта қалпына келтіруге уәде етіп отыр. Ал тұрғындар бұл жұмыстар көңілімізден шықпағанша көк тиын да төлемейміз дейді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz