Техникалық реттеу және метрология комитетi тарапынан тексеру азайды

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлiгiне қарасты техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан жүргізілетін тексеру саны жыл сайын азайып келеді. Мәселен, 2013 жылы департамент тарапынан 184 тексеру жүргізілсе, 2014 жылы 95 тексеру болған. Ал өткен жылы тексерулер саны 50 пайызға азайды.

Оңтүстікте отандық тауар өндірушілердің каталогы әзірленді

Бұл өз кезегінде көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасының жақсарғанын және техникалық регламенттердің талаптарының орындалып жатқанын білдіреді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы Оразғали Егембердиев мәлім етті.

Басшының айтуынша, департамент тарапынан биылғы I жарты жылдықта жұмыс жоспарына сәйкес, барлығы 32 тексеру жүргізген. Соныңң қорытындысы бойынша 15 заңды және жеке тұлға 1 млн 177 мың теңге мөлшерінде айыппұл төледі. Ал 120 өлшем құралдары пайдалануға жарамсыз деп танылып, қолдануға тыйым салынды.

Сондай-ақ, бір құрылыс сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының күші 6 айға тоқтатылса, бір ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы «СТ-КZ» сертификатының күші мүлдем жойылды.

Жоғарғы органдармен келісілген және бекітілген іріктелген тексеру тізімдері тоқсан сайын инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында жарияланады.

Баспасөз мәслихатында баяндамашы 2016 жылдың 6 ақпанында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістер жайын атап өтті. Онда биылғы ІІ жарты жылдықтан бастап ел аумағында бұйымның сынамалау таңбасыз (пробирное клеймо) және ие белгісіз (оттиск именника) зергерлік бұйымдарды сатуға тыйым салынғаны туралы айтылған. Заңда көрсетілген  талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізетін уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология комитеті және оның аумақтық департаменттері болып табылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР