//
Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады Жаңалықтар 

Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады

Енді жиырма күннен кейін жастар ресурстық орталығының ғимараты пайдалануға беріледі. Маусым айында бастауын алған құрылыс қарқынды жүруде. Бұрынғы мәдени ошағының еденінен бастап шатырына дейін жаңарады. Толық жөнделген ғимаратты жастарға тапсыруды “Радуга” серіктестігі өз мойнына алды.

Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады

Мердігер компания жобалық-сметалық құжат бойынша бөлінген 125 млн теңгенің 92 пайызын игеріп үлгердік дейді. Ғимараттың хасбетіндегі жұмыстардың негізгі бөлігі біткен. Гранитті плиталармен қапталған тіреуіштерді есептегенде жастар ресурстық орталығының алдыңғы бөлігіне 500 000 теңге жұмсалған. Тапсырыс берушілер құрылыс құжатқа сәйкес, еш ауытқусыз жүруде дейді.

Ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, су, жылу, электр жүйелері толық жаңалануда. Мәдени ошақтың ерекшелігі ескеріліп, сахна, дыбыс оқшаулау жұмыстары талапқа сәйкес жүргізілуде. Айта кететін жәйт, концерттік залдың қабырғалары қай түске боялатыны әзірге қарастырылуда. Мердігерлер нысанды қыркүйектің жиырмасына тапсыруды көздеп отыр.

Нысанның мерзімінде тапсырылуын және құрылыстың сапалы жүргізілуін техникалық қадағалау мекемесінің мамандары жіті бақылауда. Ал соңғы нүктені қабылдау комиссиясы қояды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

9 пікір - "Жастар ресурстық орталығының ғимараты жаңарады"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

әрине бұл жақсы жаңалық! жастарымызға білім алуға мүмкіншілік жасау керек

жастар ресурстық орталықтары білім беруге емес, жұмыспен қамтуға арналған. Бірақ оларды жөндеп жатқандары дұрыс

Керемет жаналық. Әрине болашақ жастарымызға білім аса қажет. Өйткені білім ол ең басты нәрсе.

Жастар ресурстық орталығы болғаны жақсы! Себебі қазір қаншама жас мамандар жұмыс таба алмай жүр. Осы мекеме тікелей жастармен жұмыс жасап, жұмысқа орналысуға ықпалдасып жүр

Жақсы жаңалық! Осындай орталықтарымыздың барына қуаныштымын. Жастарымызды жұмыспен қамтып қана қоймай, оларға психологиялық, заңгерлік көмек көрсетіп жүр!

Жақсы болған екен! Ресурстық оратлықтар біздер қажет! Жастарға жақсы көмек көрсетіп жүр!

Жастар ресурстық орталығы болғаны жақсы! Жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді.

Правильно сделали, что открыли такой центр молодежи, который всячески помогает молодежи трудоустроится

Хорошая новость для нашей молодежи! В наше время много безработных молоlых людей с дипломами и без. Надеюсь , что теперь эта проблема будет решена!

wpDiscuz