Қапал батыр көшесіндегі көпір ашылатын күн жақын

Оңтүстік шағынауданынан қалаға қатынайтын жүргізушілер мен тұрғындардың қиналған күндері артта қалатын сәт алыс емес. Үлкен шағынауданды қаланың орталығымен қосатын теміржол өткелінің екінші бөлігіндегі құрылыс аяқталуға жақын. Жұмыс бүгінде 97 пайызға аяқталған.

Қапал батыр көпірі ашылатын күн жақын

Мердігер «Береке А» корпорациясы өткелде бүгінде жарық бағаналарын орнатып жатыр. Осы жұмыстардан соң көпір пайдалануға берілмек. Ал Тәуке хан даңғылына асфальт төсеу аяқталды. Қазір мұнда жиектас орнатылып жатыр.

Қапал батыр көпірі ашылатын күн жақын

Тәуке хан даңғылын тақтайдай тегіс етіп асфальттау үшін құрылысшылар көшені екі күнге жапқан. Асфальт 1 шақырым 700 метрге төселді. Енді жолдың жиегіндегі қашыртқы арықтардың беті қауіпсіздік үшін темір тормен жабылады. Онда Шымкенттің жаңа логотипі бейнеленген.

Мұрат Құтжанов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы: «Бұл темір торлардың екі түрі болады. Жол жиегінің басты бөлігінде көліктің салмағын көтеретін қалыңы қойылады.»

Тағы бір өзгеріс — қаламыздың орталық көшесі болғандықтан, мұнда әр ағашқа сән берілмек. Темірден ою-кескіндемелер салынып, ол түрлі-түсті тастармен безендіріледі. Енді оны күтіп-ұстау ғана қалды.

Тәңірберген Сүлейменов, «Береке А» корпорациясының бас инженері: «Бізге берілген тапсырмаға сай барлық талдың түбін безендіріп шығамыз және үлкен жол, тротуардың арасында жасыл желек болмайды.»

Бүгінде теміржол көпіріне де асфальт төсеу толығымен аяқталған. Қазір жарықтандыру жұмыстары қолға алынған. Естеріңізде болса, көпірдің бір бөлігі бірінші қыркүйек күні қолданысқа берілген еді. Жалпы ұзындығы жарты шақырымды құрайтын өткелдің құрылысы 2014 желтоқсан айында басталған еді. 2 жылда аталған жұмыстар барысында қазынадан бөлінген 1 млрд тенгеден астам қаражат игеріліпті.

Нұрлан Жаңабай

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР