Қолөнер шеберлерінің “Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі өтті

Шымкенттегі «Көрме» орталығында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Халық мұрасы» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрменің мақсаты — заман талыбына сай, жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен насихаттау.

Қолөнер шеберлерінің “Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі өтті

Бұған қоса халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа таныстырып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу да маңызды.

Қолөнер шеберлерінің “Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі өтті

Көрме-жәрмеңкеге облысымыздың 32 қолөнер шебері өнердің түрлі саласы бойынша өз туындыларын қойды. Әділқазылар алқасы құрамында Қазақстанның шеберлер одағының мүшесі, Шымкент университетінің доценті Симова Бибіажар Иманбекқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретшілер одағының мүшесі Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы, суретшілер одағының мүшесі Ахметов Әбдімүтәліп Мұстафаұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Руханият» бөлімінің аға тілшісі Тастанбекова Лаура Қалшабекқызы, облыстық мәдениет басқармасы, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің бас маманы Жұмағұлова Аяулы Тәжібайқызы болды.

Қолөнер шеберлерінің “Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі өтті

Сонымен, әділқазылардың шешіміммен бас жүлдені ағаштан ұлттық бұйымдар жасаушы шебер Әуелбеков Якия иеленді.

Қолөнер шеберлерінің “Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі өтті

1-орынды былғары зергер шебері Желдібаев Әшірбек және қыз жасауын дайындаушы Омарбекова Эльмира, 2-орынды былғарыдан бұйым жасаушы Желдибаев Бағлан және ағаштан, мүйізден, сүйектен бұйымдар жасаушы Түркістан қаласының шебері Кунхожаев Гаухарбек, 3-орынды «Тұмар» ЖШС-нан Есимбекова Гүлназия және Түлкібас ауданынан қолөнер шебері Елепбергенов Амангелді және сандық сандық жасаушы Сәрсенбаев Мақсат иеленді. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертифакаттар тапсырылды.

Қолөнер шеберлерінің “Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі өтті

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР