Үздік мектеп кітапханашылары марапатталды

15 қазан — мектеп кітапханашыларының төл мерекесі. Атаулы күн елімізде жыл сайын аталып өтілуде. Мерекеге орай Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен өткен шарада қаланың ең үздік 25 кітапханашысы марапатталды.

Үздік мектеп кітапханашылары марапатталды

Кітап пен кітапхана тіршілігіне жан бітіріп, оқырмандар арасын жақындастыра түсетін қызметкерлердің еңбегі еленіп, алғысқа бөленді. Сонымен қатар «Панорама Шымкента» газетінің ұжымы атынан да сыйлықтар үлестірілді.

Ал үздік кітапханашылар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда үлес қосу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра білу, оқушылармен жеке жұмыс жасауда ерекше көзге түсу бойынша іріктеліп алынған. Айта өтейік, облыс бойынша осы салада 1000-ға жуық маман қызмет етсе, оның 129-ы Шымкентте еңбек етуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР