Әкімдер мектеп құрылысын аралады

Шымкентте оқушылары үш ауысымда оқитын мектеп мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Осы мақсатта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 білім ошағы салынып жатыр. Таяуда осы мектептердің құрылысымен облыс және қала әкімдері арнайы барып, танысып қайтты.

Әкімдер мектеп құрылысын аралады

 

 

 

Ақжайық шағынауданындағы 400 орынды мектепте қазір 1500 бала оқиды. Қайнарбұлақ тұрғын алабында жағдай да осындай. Осы мәселені шешу үшін қос елдімекенде мамыр айында жаңа мектеп құрылысы басталған. Мердігерлер өз уәдесінде тұрса, келесі оқу жылында оқушылар жаңа ғимаратта білім алады.

Салыхан Полатов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: «Білім саласы бойынша 2016 жылы 67 нысан салынуда. Соның 63-і — мектеп. Оның 37-сін биыл тапсырдық. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 14 мектеп салынуда. Шымкент қаласында — бесеу.»

Әкімдер мектеп құрылысын аралады

Статистикаға сүйенсек, Шымкентте жыл сайын дүниеге келетін бала саны 4500-ге артып отыр. Ал мектеп жасындағы бала он мыңнан асады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева балабақша кезегінде тұрған балғындардың да көп екенін айтады. Бұл мәселені шешуде облыс басшысы бизнес өкілдерін тартуға тапсырма берді.

Әкімдер мектеп құрылысын аралады

Айта кету керек, білім нысандарына жұмсалып жатқан құрылыс материалдарының 95 пайызы — отандық өнім. Жауапты мамандар білім ошақтарында, әсіресе, оқушылардың денсаулығына баса назар аудару керек деп тапсырма берді.

Айгүл Керімқұлова

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР