Қожанов көшесіндегі жаңа асфальт бұзылып, құбыр алмастырылуда

385
Қожанов көшесіндегі жаңа асфальт бұзылып, құбыр алмастырылуда

Шымкенттегі Қожанов көшесінің жақында ғана жөнделген бөлігі қайта қазылды. Бұл – күз келгенде құбырлар жүргізіп, жылыту маусымына дайындық жасайтындардың жұмысы. Осы мезгілде қазылған жолдар, жүйені жаңалау бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу Шымкент үшін үйреншікті жәйтке айналды. Бюджет қаржысын тиімді жұмсау талабына қаншалықты сай тірлік екенін өзіңіз бағамдай беріңіз.

Қожанов көшесіндегі жаңа асфальт бұзылып, құбыр алмастырылуда

Темірлан тасжолы мен Аврора көшесін қосатын Қожанов көшесінде жолды жаңартудың бірінші кезеңі былтыр аяқталған болатын. Биыл екінші кезеңі қолға алынып, тұрғындар да, жүргізушілер де тегіс жолмен жүреміз деп қуанып қалған. Жолдың кеңейгені рас, алайда ол қайтадан бұзылып жатыр. Әдеттегідей, жаңа төселген асфальт қазылып, тозығы жеткен жылу магистральды құбырлары алмастырылуда.

Алдымен жылу жүйесін жаңалап, жолдың қайта жөндеуге екінші кезекте кірісу керегін қала әкімдігінің мамандары да жақсы білеміз дейді. Дегенмне, бір жұмыс бірнеше рет қайталанып, қыруар ақшаға салынған жол қайта бұзылуда. Құбырларды алмастыруға жауаптылар жылу жүйесін жаңалау ертерек жоспарланған, алайда қаржы ұлттық қордан кеш бөлінгенін алға тартты.

Әр тараптың өз уәжі бар. Алайда, бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қадағалауға кім жауапты деген заңды сұрақ туындайды. Басқа тұстарға келгенде дағдарыс, қаржы тапшылығы деп түсініктеме беретін мемлекеттік қызметкерлерге мұндай жағдайда сенім қалай артады?! Әрине, күшеймесі анық.