Әкімдер мектеп құрылысын аралады

333
Әкімдер мектеп құрылысын аралады

Шымкентте оқушылары үш ауысымда оқитын мектеп мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Осы мақсатта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 білім ошағы салынып жатыр. Таяуда осы мектептердің құрылысымен облыс және қала әкімдері арнайы барып, танысып қайтты.

Әкімдер мектеп құрылысын аралады

 

 

 

Ақжайық шағынауданындағы 400 орынды мектепте қазір 1500 бала оқиды. Қайнарбұлақ тұрғын алабында жағдай да осындай. Осы мәселені шешу үшін қос елдімекенде мамыр айында жаңа мектеп құрылысы басталған. Мердігерлер өз уәдесінде тұрса, келесі оқу жылында оқушылар жаңа ғимаратта білім алады.

Салыхан Полатов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: «Білім саласы бойынша 2016 жылы 67 нысан салынуда. Соның 63-і – мектеп. Оның 37-сін биыл тапсырдық. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 14 мектеп салынуда. Шымкент қаласында – бесеу.»

Әкімдер мектеп құрылысын аралады

Статистикаға сүйенсек, Шымкентте жыл сайын дүниеге келетін бала саны 4500-ге артып отыр. Ал мектеп жасындағы бала он мыңнан асады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева балабақша кезегінде тұрған балғындардың да көп екенін айтады. Бұл мәселені шешуде облыс басшысы бизнес өкілдерін тартуға тапсырма берді.

Әкімдер мектеп құрылысын аралады

Айта кету керек, білім нысандарына жұмсалып жатқан құрылыс материалдарының 95 пайызы – отандық өнім. Жауапты мамандар білім ошақтарында, әсіресе, оқушылардың денсаулығына баса назар аудару керек деп тапсырма берді.

Айгүл Керімқұлова