//
Жаңалықтар 

27 қазан күнгі жылудың жайы

жылуууууу27 қазан күні Шымкентте жылу беріле бастаған үйлердің саны 1156-ға жетті. Ал жалпы қалада 1782 көп қабатты үй бар. Қаратау ауданы жылумен толық қамтылды деп саналады. Онда 222 үй бар.

Әзірге Еңбекші ауданындағы жағдай нашар болып тұр. Ондағы 526 үйдің 271-іне жылу қосылды. Бюджеттік мекемелерге келер болсақ, 344 ұйымның 43-інде ғана жылу әлі жоқ.

Еске салайық, қаладағы орталық құбырларды сумен толтыру 18 қазанда басталған. Сол кезде жылу маусымы ресми түрде басталды деп жарияланып, қалаға жылу толығымен 25 қазан күні қосылады деп хабарланған еді. Енді бұл мерзім де 1 қарашаға дейін шегеріліп отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz