Арыстықтар қос мерекені атап өтті

Еліміздегі айшықты оқиғаның бірі — дала еңбеккерлерінің күні. Жыл сайын күзде шаруалардың ала жаздай еткен еңбегінің жемісін айшықтайтын Алтын күз мерекесі тойланып, диқандар қошеметке бөленеді. Осынау  Алтын күз — 2016 және қала күні мерейлі мерекесін арыстықтар салтанатты түрде атап өтті.

Қос мереке аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер тұрғындарға нарықтан 20-30 пайызға арзан бағада ұсынылды. Мерекелік шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Қадырбек шаруалардың өндірген өнімдерімен танысып, тұтынушылармен жүздесті. Аталған жәрмеңкеде ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ауыл еңбеккерлері өндірген өнімдерден ұлттық тағамдар әзірленді.

Арыстықтар қос мерекені атап өтті

Жәрмеңке қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиынға жалғасты. Салтанатты шара барысында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы мерекеге орай тұрғындарға ізгі тілегін білдіріп, Елбасының тапсырмаларымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, қаламыздың жаңарып, гүлденуіне, әлеуметтік экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға «Арыс қаласының құрметті азаматы», тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығын толағай табыстармен қарсы алып, еліміздің ен байлығын тасқындатуға ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлерін «Еңбек даңқы» белгісін, алғыс хат және құрмет грамотасымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Арыстықтар қос мерекені атап өтті

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Алтын күз-2016 сайысының жеңімпазы Монтайтас ауыл округі әкімдігіне «Нива» автокөлігінің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.

Арыстықтар қос мерекені атап өтті

Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қалалық «Мәдениетім — мақтанышым» өнер фестивалінде қала, ауыл өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламалары мен көрмелерін халыққа ұсынған болатын. Қос мерекенің қуанышты сәтінде «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінің бас жүлде иегері Жиделі ауылдық округі атанып, өнерпаздарға «Гранта» автокөлігінің кілті табысталды.

Арыстықтар қос мерекені атап өтті

Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, қаламыздың әншілері жиналған қауымға өнер көрсетіп, ән-биден шашу шашты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР