Астанада Оңтүстік Қазақстан күндері өтеді

Күнгейдің делегациясы Астанаға жетті. 14-16 қазан аралығында Елордада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.

Астана қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде Елордада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің өтуіне орай облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков брифинг өткізді. Жиында тәуелсіздік жылдарында өңірдің жеткен жетістіктері мен Оңтүстік Қазақстанның Астанадағы күндерінің бағдарламасы баяндалды.

Астанада Оңтүстік Қазақстан күндері өтеді

Мәдени іс-шара бағдарламасы аясында Астана мектептері мен балабақшаларында, қарттар үйінде, Қазақ Ұлттық өнер университетінде Оңтүстікте түсірілген «Қазақ елі», «Толағай», ««Қошқар мен теке», «Қазақстан барысы», «Қазақстан бренді», «Қанатты барыс» және тағы да басқа секілді анимациялық фильмдер мен қысқаметражды фильмдер көрсетіледі.

Бұл күндері ОҚО делегациясы Астана халқына күнгейдің тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырады. Облыстың 300-ге жуық өнер майталманы театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін ұсынады.

Бұған қоса 15-16 қазан күндері таңертеңнен кешке дейін «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының және кәсіпорын өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады дейді жауаптылар.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР