Астанада Оңтүстік тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында күнгейлік өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі өтті. Көрмеде өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 30-дан астам кәсіпорынның отандық өнімдері қойылды.

Астанада Оңтүстік тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, көрмеге қойылған өнімдерді қала əкімі мен мəртебі меймандарға таныстырды. Сондай-ақ, бүгінде отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтып, барша көрмеге қатысушыларды қазақстандық тауарды тұтынуға шақырды.

Астанада Оңтүстік тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

Облыстық әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, көрмеде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері, трансформаторлар, сорғылар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері ұсынылуда.

Астанада Оңтүстік тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акция аясында өтіп жатқан көрмеде ОҚО туристік объектілерінің сурет көрмесі және LED экранда облыстың инвестициялық тартымдылығы бойынша бейне ролик пен облыстық өнеркәсіптік кәсіпорындары туралы фильмдер көрсетілді.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 515,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6 млрд теңгеге артық.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР