Бәйдібек ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Бәйдібек ауданының активіне Қазақстан Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Сонымен, облыс əкімінің өкімімен Бәйдібек ауданының әкімі болып Бахытбек Төленұлы Танагөзов тағайындалды.
Бәйдібек ауданының әкімі тағайындалды
Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Бәйдібектегі халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге ауданның дамуына өз үлесін қосқан бұрынғы әкім Батырбек Көшербайға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.
Бәйдібек ауданының әкімі тағайындалды
Бахытбек Төленұлы 1957 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тумасы. Білімі — жоғары, экономист мамандығын игерген.
Еңбек жолын 1979 жылы Шолаққорған мемлекеттік банкінің экономисті ретінде бастаған. Кейін Созақ ауданында партия комитетінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, партия комитеті үгіттеу және насихаттау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.
1989-2010 жылдары «Агроөнеркәсіп қызметкерлері» кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, «Тұран Әлем Банк» Таукент бөлімшесінің басқарушы және «Айгерім», «Санжар фрудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры лауазымдарында еңбек еткен.
2010-2016 жылдары Сайрам ауданы Тассай ауыл округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі және орынбасары лауазымдарын атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келген.
Айта кету керек, Бәйдібек ауданында 55 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 52 елдімекен, 11 ауыл округі бар. Аудан негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген өңір болып табылады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР