Дуальды оқыту жобасы маман тапшылығын азайтады

Оңтүстіктің мамандары бір жылдан бері неміс технологиясын ұтымды қолданып келеді. Дуальды оқыту жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлер Германияның бизнеске қажетті мамандарды даярлау тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алып отыр.

Дуальды оқыту жобасы маман тапшылығын азайтадыОсыдан екі жыл бұрын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері Трир қаласының қолөнер палатасы басшылығымен бірлесіп, дуальды оқыту жүйесі бойынша бірлескен әріптестік жобаны қолға алған болатын. Мұндағы мақсат — шағын және орта бизнеске қажетті кадрларды кәсіпорындар мен еліміздің колледждерінде дайындау. Қазір осынау бастама аясында құрылыс, туризм, ресторан бизнесіне қажетті мамандар оқытылуда.

Бүгінде күнгей кәсіпкерлері неміс мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Шетелдіктер оқу жоспарларын дайындап, тіпті, қолданыстағы жүйелерге өзгерістер енгізуде. Бір сөзбен айтқанда жергілікті кәсіпорындардың заманауи технологияларды ұршықтар иіріп әкетуіне көмектесіп жатыр. «Атамекен» ҰКП мен Трир қаласының қолөнер палатасы бірлесіп қолға алған жоба 2017 жылға дейін жалғасады. Бағдарлама баламасы Африка, Малайзия және Америка елдерінде қолданыста.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР