«Гринбас» жүргізушілері енді жолаушыларға алғашқы көмек көрсете алады

401

Шымкенттегі «Гринбас» компаниясының жүргізушілері енді жолаушыларға алғашқы көмек көрсете алады. Мекеме басшылығының ұйымдастыруымен компанияда семинар-тренинг өтті. Мұнда арнайы шақырылған маман жолда зардап шеккен жолаушының өмірін сақтап қалу үшін қандай амалдар жасау қажеттігін манекенде көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.

"Гринбас" жүргізушілері енді жолаушыларға алғашқы көмек көрсете алады

Әр қатысушы жасанды дем беру әрекетін жасап үйренуге және оны қайталауєа мүмкіндік алды. Медициналық жәрдем бригадасы келгенше көрсетілетін алғашқы көмекті әрбір қызметкеріміз білуі тиіс дейді компания басшылығы.

"Гринбас" жүргізушілері енді жолаушыларға алғашқы көмек көрсете алады

Алғашқы көмек көрсету тақырыбында өткен семинар-тренингтің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жол қозғалысы жиі болатын қала көшелерінде жол-көлік оқиғасы болып, немесе, жолаушылардың арасында ойламаған жерден өзін жақсы сезінбей, талып қалатын жағдай болса, «Гринбас» компаниясының көлік жүргізушілері жедел жәрдем дәрігерлері келгенше алғашқы көмекті сауатты көрсете аламыз деп отыр.