Күн суытқалы электр энергиясын тұтыну күрт артты

Күн суытқалы бері электр энергиясын тұтыну көлемі күрт артты. «Оңтүстік жарық транзит» мекемесі берген мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Оңтүстік өңіріне сағатына 432 мегаватт электр энергиясы жеткізілуде. Оның 97 мегаваты өзіміздің өңірімзде өндіріледі. Ал 336 мегаваты өзге облыстардан тасымалданады. Атап айтқанда жарықты Қарағанды, Екібастұз және Жамбыл ГРЭС-інен алып отырмыз.

Электр қуатыБайтұрсынов көшесіндегі мына көлік кептелісі бағдаршамның істемей қалуынан болды. Енді жол қозғалысын қиылыста полициясы қызметкер реттеуге мәжбүр. Толассыз жауған жауын-шашынның соңы қарға ұласып, шымкенттіктерді бір әбігерге салғаны бар. Сулы қардан ағаштар сынып, жолдың бойындағы көліктерге зақым келтірсе, жеке секторда электр жарығы жиі сөнген.

Энергетиктер бұл жағдайды техногендік себептермен байланыстырады. Электр энергиясын тасымалдаушы «Оңтүстік жарық транзит» серіктестігі бүгінде өңірде сағатына 432 мегаватт электр энергиясы жеткізілуде деп хабарлайды. Оның 97 мегаваты өзімізде өндірілсе, 336 мегаваты өзге облыстардан тартылады. Олар — Қарағанды, Екібастұз және Жамбыл ГРЭС-тері. Кәсіпорынның диспетчерлік қызметі қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Қосалқы станциялары мен жүйелер тұрақты дейді мамандар.

Күн суытқалы электр энергиясын тұтыну күрт артты

Күннің суытуына байланысты көп қабатты үйлерде электр энергиясын тұтыну көлемі күрт артқан. Тұрғындар пәтерлерін электр құралдарымен жылытып жатыр, өйткені ол үйлерге орталық жүйеден жылу берілген жоқ.

Көп қабатты үйлерге жылу берілмесе, электр энергиясы кеңселер мен пәтерлерді жылытуға жұмсалатыны анық. Ал жылу берушілер де асығар емес. Оны қаладағы негізгі көшелердің бойында жатқан магистралды құбырлардан аңғару қиын емес. Қазанның 20-на құрылысты аяқтаймыз деген қала әкімдігі өкілдерінің сөзі кезекті рет уәде күйінде қалмақ. Қазылып тасталған жолдар, жұмысшы көрінбейтін нысандарды күнделікті көріп жүрген тұрғындар билікке сенімін жоғалтқандай. Қымбат болса да газ жағып, электр құрылғыларын қосып, тоңбаудың әрекетін жасауда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР