Кәсіпкерлер палатасы Леңгірдегі кітапханаға сыйлық жасады

Қазақстанда «Кітапсүйер ұлт» республикалық қозғалысы басталды. Идея авторы — кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Оңтүстіктегі кітапханаға жомарттық жасады.

Леңгірдегі орталық кітапхана үшін бүгін — ерекше күн. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев сый-сияпатын ала келді. Кәсіпкерлер өскелең ұрпақ үшін ауыл кітапханасына жаңа жиһаз бен кеңсе техникасын ғана емес, үш тілде жазылған көптеген кітап қорын сыйға тартты.

Кәсіпкерлер палатасы Леңгірдегі кітапханаға сыйлақ жасады

Раушан Әбдірахманова, әдіскер: «Әрине, біз мемлекеттік тапсырыс аясында қажетті кітап тарды сатып алып отырамыз. Дегенмен, сонда да болса балалардың бар сұрағанын тауып бере алмай жататын кезіміз де болады. Міне, кәсіпкер ағалар кітапханамызға жақсы сый жасап отыр. Рахмет айтамыз.»

«Кітапсүйер ұлт» бағдарламасы білім алу мен кітап оқуға үгіттеп қана қоймай, ауыл жастарына өз көкжиегін кеңейтуге, дамуға мүмкіндік беруді қарастырады. Жергілікті халықтың кәсіпкерлікке бет бұруына баулу да ойдан шыққан емес. Нұржан Әлтаевтың айтуынша, бүгінгі таңда кітап оқу өз құндылығын жоғалтқан жоқ, керісінше, жыл сайын дамып келеді.

 

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары: «Қазір кітап оқу дамып келеді. Бірақ, барлық іздеген дүниеңді қазақ тілінде табу қиын. Сондықтан, біз менеджмент университетімен бірлесе отырып қазіргі таңда әлемдегі бизнес нарығында жақсы сұранысқа ие болып тұрған «Көгілдір мұхит стратегиясы» кітабын қазақ тіліне аудардық. Сол кітапты бүгін осында сыйлап отырмыз.»

Кәсіпкерлер палатасы Леңгірдегі кітапханаға сыйлақ жасады

Төле би ауданы орталығындағы шағын кітап орталығынан бастаған Нұржан Әлтаев таяуда ауыл кітапханаларының қорын толық жаңартуды көздеп отыр. Осыған орай кәсіпкерлер алдағы уақытта тағы бір ауылдың кітапханасына сыйлық жасаймыз деп уәде берді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР