Кентауда 10 қаланы қамтитын электр трансформаторы құрастырылды

484
Кентауда 10 ауданды электр энергиясымен қамти алатын трансформатор құрастырылып шығарылды

Оңтүстіктің ғана емес, еліміздің бетке ұстар мекемесі – Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары Қазақстанда тұңғыш рет 80 мегаваттық трансформаторды құрастырып шығарды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл жемісті еңбек тек зауытта ғана емес, республикада орын алып отырған тарихи жаңалық деуге болады.

Өйткені Қаратау тәжі аталып кеткен қалада құрастырылатын трансформатордың бұған дейінгі ең қуаттысы 63 мегаваттық болатын. Айта кету керек, біреуінің өзі Кентау секілді 10 қаланы электр қуатымен қамтитын алып трансформаторға қазіргі таңда 4 тапсырыс түскен.

Кентауда 10 ауданды электр энергиясымен қамти алатын трансформатор құрастырылып шығарылды

Басшылықтың біліктілігі мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде Кентау трансформатор зауытының ұжымы өткен жылы үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Өнім көлемі межеленген жоспардан артық орындалып, 11 млрд теңгеге жетті.

2015 жылдың жырты жылдығында экспорт көлемі 33 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш 40 пайызға көтеріліп отыр. Алдағы уақытта экспортты 50 пайызға жеткізуді жоспарлап отырған зауытта 1100 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Осылайша дағдарыстан дамуға бет алған зауыт қазірдің өзінде 2017 жылғы қаңтар айына дейін жететін тапсырыстар қабылдап, келісім-шарттар жасасып қойған. Тапсырыс берушілердің көбісі – шетелдік компаниялар. Тіпті, кейбір мемлекеттер 3 жылға дейін келісім-шартқа отырған.

Кентауда 10 ауданды электр энергиясымен қамти алатын трансформатор құрастырылып шығарылды

Компания жақында ғана Белоруссия мемлекетінен тапсырыс алды. Бұл – тарихта болмаған оқиға. Ал Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерден келіп жатқан тапсырыстардың да көлемі артып келеді. Кеңес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір жарамсыз. Сондықтан зауыт құрылғалы бері мұндағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланды. Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті. 2014 жылы – 26, 2015 жылы – 36 жаңа өнім түрі шығарылса, 2016 жылы 42 жаңа өнім түрін шығару жоспарланып отыр.