Мақтааралдағы қыз ұрлау фактісін прокурорлар тексеруде

прокуратурада тілішілерге есік ашық

Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің өз міндетіне салғырт қарауы бойынша тексеру басталды. «Олар ауданда қыз ұрлау дерегіне қатысты шара көрмеген» деген арыз-шағымын жергілікті тұрғын облыс прокурорының блогына жазған Мырзакент ауылының тұрғыны «Бір топ жас жігіттер жасөспірім қызды көлікке күшпен отырғызды» деп көрсеткен.

Ол азамат оқиғаға куәгер ретінде полицияға барып, хабарлағанымен, басқармадағы майор және сержант шенді полицейлер оның арызын тіркемеген, куәгер ретінде ешнәрсе сұрап, анықтамаған. Екінші рет барып, дабыл қаққан соң ғана тергеуші іске кірісті дейді ауыл тұрғыны.

Облыс прокуроры Ибрагим Иманов өтінішін-хатын жазған азаматқа жеке блогы арқылы жауабында қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын жазған. Қызды ұрлағандардың бірі оған үйленгісі келген екен. Кешке дейін сол үйде отырған қыз бала тұрмысқа шығуға келісімін бермегесін ата-анасының үйіне апарған. Полицияға қыздың ата-анасы да арызданыпты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР