Маскүнемдер арасында қатерлі дерт көбеюде

Маскүнемдер арасында қатерлі дерт көбеюде. Соның салдарынан араққа тәуелділердің басым бөлігі мүгедек болып қалады. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, алкогольді шектен тыс пайдаланудың салдырынан мезгілсіз өлім-жітім де көбейіпті. Наркологтар мұның себебін жол-көлік оқиғалары, қатерлі дерттің асқынуы сияқты жағдайлармен байланысты.

Маскүнемдер арасында қатерлі дерт көбеюде

Мектеп кезінен араққа әуес болған Станислав қазір нағыз маскүнемнің өзіне айналған. Тіпті айлап жатып, наркологиялық диспансерде ем қабылдауға мәжбүр. Өйткені спирттік ішімдікке тәуелділік оны психикалық әрі қатерлі дертке шалдықтырған. Осылайша Станислав небәрі жиырма жасында маскүнем ғана болмай, айықпас дертке душар болыпты.

Алкогольді шектен тыс пайдалану ұлт саулығы үшін де қауіп-қатер төндіруде. Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер соңғы жылдары маскүнемдер арасында қатерлі дерттің көбейгенін айтады. Нақтырақ айтқанда, жүрек-қан тамыры аурулары, бауыр іруі мен қатерлік ісіктің бірнеше түрі көп тіркелуде. Соның салдарынан өлім-жітімнің саны артып отыр.

Маскүнемдіктің алдын алу үшін дәрігерлер енді емдеу шараларын күшейтпек. Яғни, алкагольге тәуелділердің санын азайтып, қатерлі дерттің алдын алу керек. Бұл үшін арнайы жоба ұйымдастыруда. Жаңа идеяны үкіметтегілер қолдаса, келесі жылы маскүнемдерді емдеудің жаңа тәсілі пилоттық жоба ретінде енгізіледі.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР